Мәдени мұралармен танысты

Мәдени мұралармен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында және Елордамыз Астанаға 20 жыл толуына орай, бүгін, ауданымызға экскурсияға Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының белсенділері, мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері келді. Бұл экскурсияның мақсаты – еліміздің, оның ішінде Қарасай жерінің тарихымен жақын танысып, мәдени мұраларын дәріптеу, сақтау және халық арасында патриоттық сезімді ояту болатын.

[su_custom_gallery source=»media: 5488,5487″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″]

Партиялықтардың азаматтық және патриоттық әлеуетін дамытуды жоспарлаған бұл экскурсия, ең алдымен, аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваның жетекшілігімен, Наурызбай батыр ескерткішін тамашалаудан бастау алды. «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров бастаған топ ескерткіштің алдында естелік суретке түсіп, аудандық тарихи-өлкетану музейіне бет бұрды. Қонақтарды музей басшысы Серік Қалиев қарсы алып, жергілікті жердің тыныс-тіршілігін бейнелейтін деректі фильмді көрсетті. Қабырғасы сонау 1899 жылы қаланған музейдің қорындағы құнды жәдігерлермен, атап айтқанда, Президентіміздің өмірі мен қызметіне арналған және басқа да залдар мен бөлімдерді аралатты. Жарты күнге созылған экскурсияда үш мың жылдық тарихы бар Қарасай жері жайлы көп мағлұматқа қаныққан делегация мүшелері әрі қарай Жамбыл ауданына жол тартты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях