Эстафета ауданымыздан алды

Эстафета ауданымыздан алды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл», деп атап көрсеткені баршамызға мәлім. Осыған орай, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына орай, көптеген іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, бүгін біздің ауданымызда айтулы жоғарыда айтылған мереке құрметіне арналып «Астана – Ұлы дала Елордасы» атты денсаулық эстафетасы ұйымдастырылды.

Біздің ауданнан бастау алған іс-шараны аудан әкімі Жандарбек Далабаев құттықтау сөзімен ашып, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бұл эстафета болғандықтан, біздің ауданның үш спортшысына салтанатты түрде ту беру рәсімі болып, оны Жандарбек Ермекұлы табыстады. Аталған символдық туды жерлестеріміз басқа аудандарға, атап айтқанда, Жамбыл, Іле және Талғар аудандарына жеткізетін болады.

Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп айтқандай, бұл басқосудың негізгі мақсаты саламатты өмір салтын насихаттап, жастардың спортқа деген ынтасын жоғарылату болатын. Сонымен, қарасайлық спортшылар мерекелік туды эстафетаны жалғастырушыларға беруге аттанды.

Алдымен жалау көршілес жамбылдықтарға жеткізіліп, ол жерде оны қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақтың еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, классикалық күрес шебер, палуан Асқат Дінмұхамедов қабылдап алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях