Ленин шахтасында болған апатқа қатысты тергеу комиссиясы құрылды

Ленин шахтасында болған апатқа қатысты тергеу комиссиясы құрылды

13 қаңтар күні түнде «АрселорМиттал Теміртау» көмір бөлімінің «Ленин атындағы» шахтасында барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде апат орын алды. Апат кезінде шахтада 137 адам болған, жер бетіне 136 адам көтерілген. Бір адамды іздеу жалғасуда, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

«Бұл күні үш жұмысшы, атап айтқанда бұрғылау қондырғысының машинисі, машинистің көмекшісі, сондай-ақ желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері ұңғыма түбінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан.Апат салдарынан тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі апат орнынан дереу кетіп қалды, ал машинист ұңғыма түбінен шыға алмады», — деп хабарлады министрлік.

Қазіргі таңда Ленин шахтасында болған жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу комиссиясы құрылды. Оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, кәсіподақ ұйымының өкілі және жұмыс беруші енгізілді.

«Оқиғаның мән-жайлары мен себептері жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалып, ол туралы қосымша хабарланатын болады»,-делінген хабарламада.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях