«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты дөңгелек үстел

«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты дөңгелек үстел

Бүгін Алматы облысы Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық тіл мамандарымен «Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты дөңгелек үстел болды. Аталмыш заң ғимаратының судьясы Тұрдақын Тұтқышбаев төрағалық еткен іс-шараның мақсаты жаңадан енгізіліп жатқан латын қарпін талқылап, мемлекетімізге оның қандай пайдалы тұстары бар екендігін түсіндіру болатын. Бұл жиынға «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, тіл жанашыры, зейнеткер ұстаз Ақлима Көсемова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ләззат Болатқызы және осы мамандандырылған соттың қызметкерлері қатысты.

Жалпы, басқосу барысында алғашқы болып сөз алған Шара Қанатқұлқызы латын әліпбиін жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, ол ең алдымен Президентіміздің жоғарыда айтқан бағдарламасы аясында көрсетілген ең бірінші міндет, латын қарпіне көшу жұмыстарын бастау жөніндегі тапсырмасына байланысты екенін айтып, сонау Тәуелсіздік таңынан бастап, бұл мәселеге ерекше дайындалып келе жатқанымызды алға тартты. Сонымен қатар, енді, міне, сындарлы шақ туғанда халқымыз үшін, оның ең асыл қазынасы тіліміз  үшін аса өзекті жұмысты жұмыла атқарудың бастауында тұрғанымызды жеткізді. Ал, зейнеткер ұстаз Ақлима Көсемова жаңа әліпбиді көпшілік, зиялы қауым және сарапшылар айтып жатқандай жаңғырудың ең маңызды алғышарттарының бірі екенін тілге тиек етті. Дәуір сұраныстарынан, замана қажеттілігінен және келешегіміздің қамына орай әлем  халқының жартысынан астамы қолданатын, қазіргі кезеңде шын мәніндегі халықаралық әліпбиге айналған латынға көшу Елбасы айтқандай, терең  логикасы бар маңызды қадам, – дейді А.Көсемова.

Бұдан бөлек, дөңгелек үстел соңында қатысушылар тіл мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарында қойып, ойларын ортаға салып отырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях