Зияткерлік серпін

Зияткерлік серпін

Кеше Қаскелең қалалық гуманитарлық-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру – болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Облыстық Білім басқармасының методика кабинеті ұйымдастырған іс-шараға осы әдістемелік  кабинеттің техникалық және кәсіптік білім бөлімінің  әдіскерлері Гүлфайрус Боранбаева мен Шынар Исаханова, Қаскелең гуманитарлық-техникалық  колледжінің  директоры Майсам Бакиева, ҚР Білім үздігі, «Менің  Президентім»  кітабының   авторы Ақлима Көсемова, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев, «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Бисембаева және облыстың барлық колледждерінің ұстаздары қатысты.

Жалпы, басқосу Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жас ұрпақтың жаңа идеяларын ілгерілетуге, білім алушылардың патриоттық, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге  бағытталған болатын. Жиын барысында облыстан жиналған қонақтар комиссия құрамын құрып, Жетісу өңірінен келген колледждің мұғалімдері мен студенттері дайындаған жұмыстарын аралады. Олардың істеген дүниелерін тексеріп, өз бағаларын берді. Атап айтсақ, ұстаздар «Өлкетану», «Отаным тағдырым» және «Жаныңда жүр жақсы адам» атты үш секцияда атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Ал, қорытынды бойынша, дайындаған материалдары үшін бірінші секциядағы мұғалімдері, нақты айтқанда, Көксу ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы

Әсем Мангенова І дәрежелі  дипломмен, Алматы экономикалық колледжінен келген Канат Халилов ІІ дәрежелімен,  Шонжы политехникалық колледжінің оқытушысы Гүлназ Тегисбаева III дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұнан соң, «Отаным  тағдырым»  секциясындағы Есік гуманитарлық экономикалық колледжінің мұғалімі Мөлдір Ходжанбекова мен Қаракемер кәсіптік колледжін таныстырушы Асель Карипбаева ІІ дәрежелі диплом алса, III дәрежелі дипломды Талдықорған политехникалық колледжінің ұстазы Гүлжан Қамарова қанжығасына байлады. Соңғы секцияны таныстырушылар Алматы экономикалық колледжінің ұстазы Данара Тайкпанова мен Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық колледжін таныстырушы Гулзада Есжанова І дәрежелі  дипломмен мадақталса, Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінің мұғалімі Қарлығаш Байтугурова ІІІ дәрежелі дипломды алды.   

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях