Латын  әліпбиіне  арналған  дөңгелек  үстел

Латын  әліпбиіне  арналған  дөңгелек  үстел

Жуырда аудандық орталық кітапхананың оқу залында үлкен бір бас қосу болып, оған мектеп директорлары, мұғалімдер, тіл жанашырлары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ол латын әліпбиінің енгізілуіне арналып облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Қарасай ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Қазақстанның келешектегі кемел жазуы» атты дөңгелек үстел еді.

Дөңгелек үстелді ақпараттық-насихаттық топты бастап келген облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев ашып, жүргізіп отырды.

  • Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан

бастап ел дамуының жоспарларын жасап келеді. Соның ең бастысы «Қазақстан – 2050» стратегиясы, – деді ол. – Ал, енді «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Мақсатқа анық жету үшін біздің ісімізден санамыз алда жүруі керек» деп атап өтті. Осы рухани жаңғыру сынды ұлы бастаманың басты жаңалығы – латын әліпбиіне көшу арқылы сананы жаңғырту. Бүгінгі әңгімеміздің негізгі өзегі де осы болмақ. 

Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева «Жаңа әліпбиге көшу мемлекеттік тілдің дамуына жол ашады» деген тақырыпта

сөз сөйлеп, қатысушыларға игі  тілегін айтты.

Сонымен қатар, жиналғандар А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі  институтының жетекші ғылыми қызметкерлері Айсәуле Аманбаева мен  Жанар Жұмбаеваның мазмұнды баяндамаларын тыңдады.

Ғалымдар өз сөзінде латын әліпбиіне көшудің тиімділігін, пайдалылығын  ғылыми тұрғыда баяндап, бұл мәселенің әбден пісіп-жетіліп, уақыты жеткеніне дәлелдер келтірді.

Сол сияқты І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты Сайлау Қожағұлов, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Айна Рахимова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, облыстық «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрам Жанәділов,  облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев бұл мәселенің аса маңыздылығы  жайлы атап айтты.

Мәселен, С. Қожағұлов «Латынға оралудың келесі мәселелері» деген тақырыпта кеңінен сөз қозғаса, А. Рахимова «Ұлттық мүдделерге ұмтылыс» атты тақырыпты тереңінен қаузап, жиналғандарға бұл істің мән-маңызы жайында жақсылап айтып берді.

Ауданымыздан «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, ардагер ұстаз Ақлима Көсемова, Жандосов орта мектебінің директоры Әлия Естаева және т.б. сөз алып ой-пікірлерін білдірді. 

Жалпы, Ш. Қанатқұлқызы қазақ тілінің байлығына, сұлулығына тоқталып, латын әліпбиінің артықшылығы жөнінде әдемі әңгімеледі.

Соңынан қатысушылар тілі мамандары мен ғалымдарға көптеген сұрақ қойып, оларға толыққанды жауап берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях