Жол ережесін сақтауға арналған акция

0
3230

Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының және аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірігіп, «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді. Жол қозғалысы қауіпсіздік ережесін түсіндіруге бағытталған іс-шараның мақсаты – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқыққорғау органдарына және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ, әкімшілік полиция қызметкерлеріне тұрғындардың сенімін арттып, партия мен азаматтар арасындағы байланысты нығайту.

Іс-шара барысында жол патрульдік қызметкерлері, полиция ротасының аға сержанттары Нурсултан Мырзахметов пен  Мурат Сатбаев темір тұлпар тізгіндеушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігін ұстанып, ережелерді сақтауын айтып және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша өздерінің кеңестерін берді. Сонымен қатар, автокөлік иелеріне жоғарыда аталған партияның қызметкерлері Абылай Манабаев пен Ералы Рахметқожаев олардың құқықтарын түсіндіріп, заң аясында өздеріне қажетті ақпараттармен бөлісті. Жалпы, бұл іс-шараға 15-ке жуық азамат қатысып, акция аясында анкеталық сұрақтарға жауап берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь