Коронавирусқа  шалдыққандардың тыныс алу жолдарында вирус 37 күнге дейін сақталуы мүмкін

Коронавирусқа  шалдыққандардың тыныс алу жолдарында вирус 37 күнге дейін сақталуы мүмкін

Қазіргі таңда әлемді дүр сілкіндірген қауіпті дерті жұқтырғандардың  тыныс алу жолдарында вирус 37 күнге дейін сақталуы мүмкін, деп хабарлайды karasayinfo.kz   желілік басылымы  «Хабар 24» сайтына   сілтеме  жасап.

Ал, осы уақыт аралығында науқас вирусты жұқтырушы болып қала бермек.  Мұны Қытайдың Ухань мен Цзиньтань қаласындағы ауруларға жүргізген соңғы зерттеулер көрсетіп отыр. Ғалымдар «COVID-19-ға тосқауыл қоюға осы бір жағдай да кедергі болуы ықтимал», – дейді.

Айта кетейік, қазір дертке шалдыққан адаммен байланысқа түскен тұлғаны 14 күнге карантинге жабу шарасы қарастырылған. Осы мерзім аралығында адамның вирусты жұқтырғаны белгі беруі тиіс.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях