Жетісудың жеті батыры  анықталды

 Жетісудың жеті батыры  анықталды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жетісу өлкесінде батыр азаматтарымыз жетерлік. Алайда есімдері елге танымал болмай, ұмыт қалғандары қаншама. Оларды танымал ету, ерліктерін насихаттау мақсатында «Жетісудың жеті батыры» атты жобасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы байқауға 7 номинация бойынша, 30-дан астам азаматтардың өтініштері  қабылданған. Марапат иелері әлеуметтік желі арқылы қойылған сауалнаманың нәтижесі бойынша  анықталды.

Байқаудың алғашқы «Жанған жұлдыз» номинациясын 2012 жылы Қапшағай су қоймасының жанында шомылып жүрген бейтаныс баланы құтқарамын деп, өз басын тәуекелге тіккен Олжас Құлжабековтың ата-анасына табыстады. Марапатталған қалған алты үміткерде өз орталарында кеңінен танымал.  Атап айтқанда,  «Ерлігі үшін» номинациясына Қанат Қалиев, «Халық батыры» номинациясына Кадирхан Досымбеков, «Ержүрек» номинациясына Ельдар Абдиев, «Кейіпкер» номинациясына Арман Бахытбайұлы, «Қаһарман қыз» номинациясына Камила Ситасманова, «Жүректен жүрекке» номинациясы   «LIDER.KZ» еріктілер қозғалысы лайық деп танылып олар   бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, бұл байқау алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Жетісудың жеті батыры  хэштегімен ерлігін елге насихаттауға тұрарлық есімдер туралы хабарламалар жариялауларыңызға болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях