«Жас отау» отбасылар байқауы

«Жас отау» отбасылар байқауы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында «Жас отау» отбасылар байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аталмыш байқаудың мақсаты жас отбасылардың жағымды бейнесін көпшілік арасында кеңінен насихаттау. Бұған қоса, өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың рөлін нығайтуды, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтауға ықпал ету. Шараға округтерден алты отбасы қатысып, ақтық кезеңнің шарттарына сәйкес бес айналым бойынша өз өнерлері мен қабілеттерін көпшілікке көрсете білді.

Байқаудың «Бұл біздің жанұя» атты алғашқы кезенінде әр отбасы өздерін өлең жолдары мен қазіргі жас отбасы өмірі жайлы әсерлі эпизодтары бар суреттер арқылы жасалған слайдпен таныстырып өтті. Әрі қарай «Толағай» отбасылық ойыны сияқты өткен «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде отбасылар спорттан да құралақан еместігін дәлелдеді. Мұнда әр әулеттің әкелері арқанмен тартысып күш сынасса, аналары екі аяығынын ортасына волейболдын добын қысып кедергілерден құлатпай секіріп өтті. Ал, балалары болса мергендіктерін сынап, қоржынға доп лақтырудан жарысты. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Бұл үшінші кезеңнің атауы. Мұнда отбасы мүшелерінің үй шаруасына икемділігі сынға түсті. Ерлері 24 кг гір көтеріп, күш сынасса, әйелдері нан илеп, қамыр жайды. Төртінші кезең – «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл бөлімде отбасылардың ұлттық салт- дәстүрлерді білу деңгейін байқауға байланысты, «Бір тоғыз», «Бел көтеру», «Ақ сарбаз» сияқты ежелден келе жатқан салттарға байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Байқаудың ең соңғы кезеңі «Өнерліге – өріс кең» деп аталып, онда сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салып, ән, би, пародия және тағы басқа өнерлерін көрсетті.

Отбасының құндылықтарын ұлықтаған шара қорытындысы бойынша бірінші орынның биігіне көтеріліп, теледидар мен облыстық байқауға жолдаманы еншілеген қаскелеңдік Шаймерденовтер әулеті болды. Екінші орын Әйтей мен Іргеліден келген Мұсаевтер мен Молдасбаевтар отбасының қанжығаларына байланды. Ал, жамбылдық Жайлауовтар, іргелілік Мақтабаевтар мен жандосовтық Жайылхановтар әулеттеріне үшінші орын бұйырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях