Мұғалімдер дін мәселесін сөз етті

Мұғалімдер дін мәселесін сөз етті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Соңғы жылдары Қазақстанға келетін миссионерлердің, тіркеуге алынған дәстүрлі емес ұйымдардың және секталардың саны артқанын бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, оқып көп еститін болдық. Соның нәтижесінде, олардан келетін қауіптің деңгейі жоғарлағаны да бар. Айқын бейнесі мен түпкі мақсатын жасырып, ел мен ұлттың болашағы саналатын өскелең ұрпақты теріс пиғылда тәрбиелеуге тырысып, тура жолдан тайдыратындар да арамызда жоқ емес. Сондықтан да, елімізде оларға қарсы жастардың сауатын арттыру мәселесі, әсіресе, бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр. Ал, тура жолдан қателесу, көбіне, жастардың діни сауатының төмендігінен, фундаментальді білімнің жоқтығынан, ой-өрісінің тарлығынан деуге болады. Алайда, оларға қарсы іс-шаралар еліміздің әр өңірлерінде қарқынды жүргізілуде.

Соның бірі ретінде, бүгін Абай атындағы мектеп-гимназиясында мұғалімдердің қатысуымен өткен «Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары» атты семинарды айтуға болады. Жалпы, онда жоғарыда аталған жайттар кеңінен әңгіме арқауына айналып, дәстүрлі емес діни ағымдар жайында тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Эльмира Есмуратова талқылау семинар-тренингін жүргізді. Басқосу барасында олар дінтанушылар, тарихшылар, саясаткерлер болып 3 топқа бөлініп, тақырыпқа қатысты білімдерін көтеру үшін әртүрлі тапсырмалар алып, өзара экстремизм, террорризм турасындағы өз ойларын ортаға салды. Бұдан бөлек, жиынды қорытындылаған аудандық білім бөлімінің әдіскері Дәурен Саусақбаев, мұндай танымдық, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды мұғалімдерге оқушылармен көп өткізуге кеңес беріп, көпшілікке сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях