«Азат елдің азамат ақыны» атты кездесу кеші белгіленген сексен іс-шараның бірі еді.

«Азат елдің азамат ақыны»  атты кездесу кеші белгіленген сексен іс-шараның бірі еді.

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

 

Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназияны егемен еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындары да жақсы біледі деген ойдамыз. Өйткені, кезінде дәл осы білім ұясынан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен өмірге алғыр қырандай қанат қағып, алыс қиырларға ұмтылып ұшып шыққаны белгілі. Мұны «абайлықтар» әрдайым айрықша мақтан етеді.

Биыл аталған гимназияның ашылғанына 80 жыл толады екен. Білгір ұстаз, білікті педагог Тұрсын Сайбырова байыпты басқарып отырған ұйымшыл ұжым бұл мерейтойды атап өту ниетінде.

Әрине, ол үшін Президенттің «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы қамтыла отырып, арнайы жоспар-жоба жасалған. Соның бірі сексен жылдыққа орай оқушылардың ой-өрісін  кеңейтетіндей,  сана-сезіміне сәуле түсіретіндей, танымдық та тәрбиелік те мәні зор сексен іс-шара өткізу еді. Ол бойынша осы кезге дейін Елбасының ерен еңбегі, Тәуелсіздік, туған ел, туған жер, Отанды сүюге арналған бірнеше кеш, кездесу, дөңгелек үстел, ашық сабақ және т.б. өткізілген.

Бұл жолы кезек «Азат елдің азамат ақыны» деген атпен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының орынбасары, белгілі ақын Маралтай Райымбекұлымен кездесуге тиіпті.

Сонымен  маңына тек мықтыларды ғана жинайтын «маңғаз» ақын Маралтай шайыр шалқытып та өртеніп те өлең оқыды, төгілтіп жыр толғады, тыңдаушыларын теңіздей толқытты, толғантты. Гимназияның «Абай нұры» газетінің ардагер ұстаз, аудандық Әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы жетекшілік ететін жас тілшілерінің «тікелей» қойған сұрақтарына жауап берді.

Мектеп оқушылары ақын ағаларын айрықша құрметтеп, республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылдап, мойнына көк байрағымыз түстес галстукты тақты.

Жалпы, бұл өткен жылы республикамыздағы «100 үздік мектептің» бірі атанған  гимназиядағы есте қаларлықтай қызықты да мазмұнды кештің бірі болды десек дұрыс.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях