Жақсы іс – жан жадыратады

Жақсы іс – жан жадыратады

Бүгін Қаскелең қаласындағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған қосалқы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін  эстрада әншісі Нұрбол Құрманның концерті өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Волонтерлер жылы  аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырлған шараның мақсаты анық: аталған интернатта оқитын ерекше балалардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, мейірімділік, қайырымдылық пен қамқорлық таныту және бір сәт болсын  көңілдерін жадырату болатын.  Нұрболдың игілікті іске бағытталған бастамасын қолдауға әріптес досы әнші Ұлан Байтақ та келген екен. Ұлан эстрадағы ерекше  хард-рок бағытында шығармашылығын жетілдіруде. Екеуі де  жастайынан  өнерге жақын болғанымен, үлкен сахнаға енді аяқ басып жатыр. Биылғы Еріктілер жылында елеулі өз үлестерін қосуға ниетті.

Сазды кешке жиналған интернаттың тәрбиеленушілері жас өнерпаздарды ду қол шапалақпен қарсы алды.  Қос әнші  кезек-кезек сахнаға көтеріліп, әсем әуендерімен балалардың жанын жадыратты. Бүлдіршіндермен  бірге билеп, ән салып, суретке де түсті. Шара соңында  аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова сөз сөйлеп, балаларға тәттілер таратты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай бастаманы алдағы уақытта ауданымыздағы бірқатар  әлеумеметтік мекемелерде өткізу жоспарлануда.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях