«Не деген керемет күн!»

«Не деген керемет күн!»

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Бүгін менің туған күнім

Ой бәле-ай,

Мына адамдар неге жатыр тойламай» – деп артынан өсиет қалдырған, «күпі» киген қазақтың қара өлеңін «шекпен» жауып өзіне қайтарған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі еш уақытта да өлмек емес. Оған дәлел ретінде Сулейман Демирел университетінде «Не деген керемет күн!» атауымен өткен поэзия күнін атауға болады. Педагогика және филология ғылымдары факультетінің ұстаздары мен студенттері бірлесе ұйымдастырған шараның мақсаты Мұқағали өлеңдерін кеңінен насихаттау және жастардың мәдени танымын арттыру. Поэзия күніне қатысушылар мұзбалақ ақынның өлеңдерін жатқа оқып, Мұқағали сөзіне жазылған әндерді шырқады. Ерікті түрде қатысқан өнерпаздардың көздерінен ұшқын шашырап, поэзияға келгенде арқасы қозатынын байқатты. Демек, арамызда рухани дүниетанымы жоғары жастар аз емес. Әдебиетке, мәдениетке құштар жасөспірімдердің де өсіп келе жатқанын ешкім жоққа шығармасы анық.

Айта кетейік, Сулейман Демирель университетінің және Абай атындағы ҚазҰПУ университетінің студенттерінің бастауымен кеше Алматы қаласында «Есіңе мені алғайсың» атты әлеуметтік шара өтті. Өзге де студенттер және еріктілер автобустарда, метрода Мұқағали өлеңдерін оқып, жолаушыларды жырмен сусындатты. Қосыла әндеткен қала тұрғындары да болды. Көпшіліктің қолдауына ие болып, халықтың алғысын алған ұйымдастырушылар «жағымды» шаршаумен үйлеріне тарасты.

Рухани тағылымға толы шаралар тоқталмақ емес. Осы орайда бұл әдеби жиындар жыл сайын іске асатынын ескерте кеткен жөн. Оған Сіз де ерікті түрде қатыса алатыныңызды біле жүріңіз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях