Жаңаөзенде газ өңдеу зауытында алапат өрт шықты  

Жаңаөзенде газ өңдеу зауытында алапат өрт шықты   

16 маусымда кешкі уақытта Жаңаөзендегі өндірістік аймақ аумағында ірі өрт шықты, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылысы  inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жаңаөзен/Zhanaozen/Жанаозен (@zhanaozen_online)

Өртке қарсы қызметке шақыру сағат 22:19-да түскен. Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Жаңаөзен филиалының 16 қызметкері, он дана техника жұмылдырылды. Жұмысқа алты полиция қызметкері және үш арнайы көлік қосылды.

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назарәлі Селимов өрт «ҚазГӨЗ» ЖШС аумағындағы компрессорлық цехте шамамен 980 шаршы метр алаңда тұтанғанын нақтылады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 23:02-де ауыздықталып, 23:17-де толық сөндірілді.

Маңғыстау облыстық ТЖД қазіргі уақытта зауытты пайдалану тоқтатылғанын, үйінділерді талдау жүргізіліп жатқанын атап өтті. Болған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын штаб құрылды.

Төтенше жағдайға байланысты Жаңаөзен тұрғындарына әлеуметтік желілерде химикаттар тарап кетті деп, терезелерді жабуға шақырған хабарламалар түсе бастаған.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях