Қыздар университетінде оқуға ниетті көпбалалы отбасыларға жеңілдік

Қыздар университетінде оқуға ниетті көпбалалы отбасыларға жеңілдік

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Көпбалалы отбасынан шыққан балалар Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жүз пайыздық жеңілдікпен білім алатын болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан оқу орнының ресми сайтында жария етті. Жастар жылы қарсаңында қолға алынған игілікті іске «Нұр Отан» партиясы ұйытқы болған. Оқу жеңілдігі сонымен қатар, мектепте оқу үлгерімі жақсы, халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына беріледі.

– Бүгінде үш мектеп оқушысына Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу грантын алуға құқық беретін арнайы сертификат табысталды. Енді олар білім мен ғылымның қарашаңырағында білім алатын болады, – деп атап өтті университетіндегі баспасөз орталығының жетекшісі.

Күн сайын өркендеп дамып, жаңашылдық бастамаларды көтеріп жүрген жоғарғы оқу орнының жаңалықтары да аз емес.

IT-сыныптарын ашу, іргелі ғылымды дамыту үшін жағдай жасау қажеттігі, білім беру жүйесіне үздік мамандарды тарту және оқу процесіне цифрлық технологияларды кеңінен енгізуді жүзеге асыру бағытында Қыздар университетінде бірқатар жұмыстар қолға алынуда.

Атап айтқанда, оқу орнының жас ғалымдары заманауи зертханалық жұмыстарға тартып, олардың ғылыми әлеуетін көтермек мақсатта робототехника бойынша стартап жобалар жасау қолға алынуда. Бұған университеттің материалдық-техникалық базасы толық мүмкіндік береді. Физика-математика факультетінің жанындағы «Робототехника» зертханасы Lego, Аrduino және Raspberry роботтарымен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған. Мұнан бөлек, «Нұр Отан» партиясының «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі жобалары аясында, кітапхана қорын цифрландыруды қолға алынып, бірқатар жұмыстар жүйеленіп, әдебиеттер цифрлық форматқа көшіріліп жатыр.

Енді осындай білімі артып, ғылымы қарқындаған университетте көпбалалы отбасынан шыққан балалардың оқуға мүмкіндік туындағаны көпшілік үшін керемет жаңалық. Еске салар болсақ, көпбалалыға төрт және одан көп балалары бар жанұялар кіреді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях