Әкімдіктегі қызметкерлердің жалақысы өседі

Әкімдіктегі қызметкерлердің жалақысы өседі

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов әкімдік қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі бойынша баяндама жасады. Президенттің тапсырмасы бойынша жергілікті жерде жалақысы төмен әкімдік қызметкерлерінің жалақысын 25 процентке арттыру қажет, деп xабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. Бұл жайында ҚазАқпараттың ресми сайты белгілі болды.

«Әкімшілік қызметшілерінің жалақысына қатысты айтар болсақ, аталған шара 78 мың мемлекеттік қызметшіге қатысты болады. Олар – жергілікті жерде жұмыс істейтін мамандар. Негізінен, сарапшылар, жетекші мамандар және бас мамандар. Орташа есеппен алғанда жалақы 25 процентке өседі. Мысалы, егер бас маманның орташа жалақысы 84 мың теңгені құраса, енді ол 100 мың теңге болды», – дейді бүгінгі Үкімет отырысында Р.Дәленов.

Министрдің мәлімдеуіне сүйенсек, әкімдік қызметкерлердің жалақысын көбейтуге қосымша 76,5 миллиард теңге қажет болмақ.

Еске сала кетсек, күні кеше «Нұр Отан» партиясының XVIIII съезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көтеруді тапсырған еді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях