Волонтерлік жұмыстардың негізгі бағыттары белгілі болды

Волонтерлік жұмыстардың негізгі бағыттары белгілі болды

Ел Президенті волонтерлік сағаттарды еңбек өтіліне есептеу керектігін түсіндіріп, жұмыстардың негізгі бағыттарын да атап айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлер Балалар үйлеріндегі  тәрбиелеушілерді өз қамқорлықтарына алуға болатынын айтып, волонтерлік жұмыстардың негізгі бағыттарын нақты атап түсіндірді.

– «Саулық» бағыты арқылы медициналық волонтерлік дамып, науқастарға қамқорлық көрсетіледі. «Таза әлем» жобасы – бұл қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету. «Асыл мұра» бағыты волонтерлерді халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға тартады. «Қамқор» бағыты еріктілердің қарттар үйлерінде жұмысына бағытталған. «Білім» – бұл ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту. Ал «Үміт» жобасын Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерліктерін паш ететін құжаттарды іздеуге бағдарлауға болады, – деген Ел Президенті волонтер-заңгерлерді халықтың құқықтық сауатын арттыру істеріне, мәселелер бойынша тұрғындарға кеңестік көмек көрсетуге тарту керектігін де айтып өтті.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы үкіметтік емес ұйымдарды нақты қолдау үшін мемлекет тарапынан әр бағыт бойынша гранттар бөлінетінін айтып, волонтерлік сағаттарды еңбек өтіліне есептеудің әдістемесін де енгізу қажет екенін жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл, әсіресе, осы салада тұрақты қызмет атқаратындарға маңызды болып саналады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях