Қонаев қаласының бірқатар көшелері күрделі жөндеуден өтеді

Қонаев қаласының бірқатар көшелері күрделі жөндеуден өтеді

Биыл облыс орталығы Қонаев қаласының он көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Анығырақ айтқанда, өткен жылы Қонаев қаласының бас жоспары бекітілген еді. Соған сәйкес, ағымдағы жылы қаладағы Алматы, Вивальди, Абай, Әуезова, Железнодорожная, Сидранская, Қарлығаш шағын ауданының үш көшесі және «Алтын алма» саяжай қоғамының бір көшесі толығымен жөнделетін болады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Дайындалған құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер компания анықталады.

Сондай-ақ бүгінде облыс орталығындағы Сейфуллина көшесіне кеңейтілу жұмыстары жүргізілуде. Алғашында ұзындығы бес шақырым болған көшенің ені 15 метрге ұлғайтылып, жолдың көп бөлігіне екі қабат асфальт төселді. Көше бойында «ақылды» шамдар орнатылды. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолы төселуде. Ал биылғы жылы аялдамалар қойылып, абаттандыру жұмыстары аяқталатын болады.

Бұған қоса қаладағы 8, 9, 10 ықшам аудандарындағы жолдарға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына мердігер компания «Асар Строй» ЖШС жауапты көшенің ұзындығы жоба бойынша 14 шақырымды құрайды.

Мұнан бөлек «Ақылды қала» тұжырымдамасына сәйкес, Қонаев қаласының көшелеріне 18 «ақылды» бағдаршам және арнайы бағдарлама бойынша реттелетін жаяу жүргіншілер жолы орнатылады. Тапсырыс беруші – Алматы облысының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы. Жоба 2025 жылға дейін бекітілген.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде қаланың тас жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер компания анықталды. Жұмыс 30-31 наурызда басталады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях