Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар Алматы облысындағы лагерлерге орналастырылды

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар Алматы облысындағы лагерлерге орналастырылды

Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан өңірінен келген 70 оқушысы Алматы облысының педагогикалық қауымдастығына қабылданып, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Тау Жаңашар» жеке балалар сауықтыру лагеріне уақытша орналастырылды. Одан бөлек Ақтөбеден келген 100 оқушы  Талғар ауданындағы «Тау Тұран» жеке балалар сауықтыру лагеріне жайғастырылды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жоспарға сәйкес, батыс өңірінен келген балалар 10 сәуір мен 22 мамыр аралығында (43 күн), ал ақтөбелік мектеп оқушылары 10 сәуір мен 15 мамыр аралығында (35 күн) лагерлерде демалады. Осы уақыт ішінде балалар демалыс орындарында оқуларын жалғастыра алады. Оларды мұнда қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етеді және де мәдени-сауықтыру шараларына қатысуға барлық жағдай жасалады. Сонымен қатар балаларға лагерлерде психологиялық қолдау көрсету және белсенді қалпына келтіру үшін жағдай жасалады.

Бұдан бөлек демалыс орындарында оқушылардың білім алып қана қоймай, белсенді демалыс пен аймақтың мәдени құндылықтарын білуі үшін Алматы облысының көрікті жерлеріне қызықты экскурсиялар да жоспарланған.

Мұндай шаралар балалардың оқу іс-әрекетін қалпына келтіруге және де оларға қиын кезеңде қолдау көрсетуге, жарқын болашаққа сенім мен үміт сыйлауға көмектесуге бағытталған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях