Tele2 Қазақстаннан кетеді

Tele2 Қазақстаннан кетеді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Tele2 операторы Қазақстан нарығынан кетеді. Маусым соңында «Қазақтелеком» АҚ швециялық мобильді оператор Tele2-нің 49 пайыздық үлесін алу жөнінде келісім жасайды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Nur.kz интернет порталында жария болды.

Бүгін «Қазақтелеком» АҚ «Khan Tengri Holding B.V.» компаниясымен бірлесе отырып швециялық оператордың үлесін сатып алу жөнінде келісімшарт жасады.

Өз кезегінде Tele2 Қазақстандағы операторлық жұмыс кезінде мобильді деректерді тасымалдау және жоғары сапалы қоңыраулар үшін өз желісін құрап, сәтті бизнес ортасын орната білгенін айтады. Сондай-ақ, қазіргі таңда 7 млн-нан асатын тұтынушылар базасын да кеңейткен.

«Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Теле2 операторының үлесін сатып алу арқылы бұрындары ие болған Kcell-дің акциясымен бір жиынтықта қызмет етіп, үш оператордың бірігуі телекоммуникация саласында жақсы мүмкіндіктерге жол ашады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях