Талдықорғандық оқушы АҚШ-тың 5 университетінен шақырту алған

Талдықорғандық оқушы АҚШ-тың 5 университетінен шақырту алған

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы бірден АҚШ-тың бес жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға шақырту алған. Бұл туралы   Stan.kz сайты хабарлады.

Антон Моргунов интеллектуалдық қабілеттері мен шыдамдылығының арқасында алдына       нақты мақсаттар қоя біледі.  Осы қасиеттерімен ерекшеленген оқушы  Гарвард, Стэнфорд, Колумбия, Массачусетс және  Калифорния технологиялық институты сияқты ірі университеттерде білім алуға шақырту алды.

Антон 11-ші сыныпта оқып жүргенде шетелдік білім саласын бағындыруды  армандаған. Ол американдық институттарды мұқият зерделегеннен кейін, бес оқу орнына таңдау жасаған.

– 11 сыныпта оқып жүргенде бір жыл бойы дайындалдым. Ағылшын  тілінен және басқа пәндерден экзамен тапсырдым. Қазір менің алдымда жаңа мақсат бар: қай университетте оқитынымды таңдап, оны лайықты аяқтап шығу, – деді Антон.

Назарбаев Назарбаев зияткерлік мектебінің басшылығы бәрінің мақтанышы болған Антонды ең үздік түлек деп санайды екен.

– Әрине, біз оқушымыздың керемет жетістігін мақтан тұтып, ол үшін қуанамыз. Антон қабілеттілігімен  қатарластарынан әрдайым ерекшеленеді, – деді академиялық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Виктор Сосин.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях