Бес адамды құтқарған полиция қызметкері (Видео)

Бес адамды құтқарған полиция қызметкері (Видео)

Ауданымызға қарасты Райымбек ауылдық округінің тұрғыны Әділет Әлімқыдыр таяуда өз өмірін қауіпке тігіп, бес адамды ажалдан аман алып қалған. Толығырақ айтсақ, Алматы қаласының метрополитен потрульдік полиция басқармасының сержанты сол күні әріптесімен бірге өз учаскісінде кезекшілік қызметте еді. Метроның қасындағы жер үйдің өртеніп жатқанын көріп, ол өрт сөндірушілерді күтпестен, бірден отқа оранған үйге кіріп кетеді.

Бала кезінен әскери форманы киюді армандаған Әділеттің осы ерлігін ескерген Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаев үйіне арнайы барып, алғыс хат табыстады.

Бүгінгі күннің 23 жасар батыры бұл ісін ерлік емес адамдық парызым деп есептейді. Өскелең ұрпақ қашанда өр-мінезді ерлерге қарап бой түзейтіні белгілі. Сондықтан оның ісі көзсіз ерлікке пара-пар.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях