Студенттерге ЖОО ақысын төлеуге жеңілдетілген несие берілуі мүмкін  

Студенттерге ЖОО ақысын төлеуге жеңілдетілген несие берілуі мүмкін   

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін оларға жеңілдетілген несие беруді ұсынды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.  

– Ең маңызды мәселе – жоғары білімнің қолжетімді болуы. Мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесінде ауқымды әлеуметтік құрамды қарастыру керек деп санаймын. Яғни, үміткердің оқу жетістіктеріне ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына да назар аудару керек, – деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы  үшінші отырысында.

Сонымен бірге, Президент қолдау көрсетудің бірнеше жолын ұсынды.

– Аз қамтылған отбасылар үшін, азаматтар мен жастардың әлеуметтік әлсіз санаттары үшін грант санын көбейту мәселесін қарастыру керек. Жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген несие беру – қолдаудың тағы бір түрі болар еді. Үкіметтен, сондай-ақ Ұлттық кеңес мүшелерінен осы мәселе бойынша өз ұсыныстарын беруді сұраймын, – деді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях