Қазақ тілінің жанашыры Үсенбай Тастанбеков атына көше берілді

Қазақ тілінің жанашыры Үсенбай Тастанбеков атына көше берілді

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, жазушылар, журналистер одақтарының мүшесі Үсенбай Тастанбеков атамыздың есімін есте қалдыру мақсатында Қаскелең қаласынан көше есімі берілді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Күні кеше ауданымызда Қазақстан халқы үшін айтулы мереке 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні аталып өтті. Аталған мереке аясында сол сұм соғыстың куәгері, елдің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған жауынгер, қазақтың мықты тұлғаларымен ана тіліміздің дамуына үлкен үлес қосқан қарасайлық Үсенбай Бахтиярұлының есімі берілген көшенің салтанатты түрде лентасы қиылды. Айта кетейік, өңірдің абыз ақсақалының есімімен көше атау жұмыстары біраз уақыт жүргізіліп, нәтижесінде Қаскелең қаласындағы СДУ университетінің жанындағы көшеге бірелген еді.

Шараға ардагердің көзін көрген ауданның зиялы қауымы мен жақындары қатысты. Жиналғандар салтанатты түрде лентаны қиып, Үсенбай атамен байланысты естеліктерімен бөлісті.

Үсенбай Тастанбек Қарасай ауданы аумағындағы Қасқасу (Шамалған) өзенінің батыс жағындағы Алмасай саты жанында 1919 жылы 20 қазанда дүние есігін ашқан.

1939 жылы әскер қатарына алынып, кіші командирлер курсын бітіріп, Ұлы Отан басталғанда Үсенбай аға мен майдандас жолдастары танкілеріне жете алмай, қоршауда қалып соғысады, партизан отрядын құрып, фашистерді жылжытпай соққы береді. Соғыста екі рет жараланып, екіншісінің ауырлығы асып кеткен соң 1943 жылы ауылға мүгедектікпен оралады. Денсаулығы жақсарғаннан кейін бірден аудандағы тірлік-тіршілікке белсене араласа бастайды. Ауданда хатшы, сонан соң ферма бастығы болып істеп, кейіннен 1944 жылы журналистік жолға түскен. Жалпы, Үсенбай ата Алматы облысындағы үш ауданда – Қаскелең (қазіргі Қарасай), Жамбыл, Еңбекшіқазақта (екі рет) аудандық газеттердің редакторы болған. Арасында жоғары партия мектебінде оқып, білім алған. Соғыста алған жарақатына байланысты жиырма жыл өмірін арнаған журналистикадан кетуіне тура келген.

1990 жылы елімізде «Қазақ тілі» қоғамы құрылғанда ол үлкен іске бекем бел буып, оның Қаскелең қалалық ұйымының тез құрылып, қадам басуына көп еңбек сіңіреді. Оның осындағы белсенді жұмысының арқасында аудандағы орысша атаудағы көшелер мен мектептерге Саяділ Керімбеков, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Құрманғали Ұябаев сияқты ардақтыларымыздың есімдері беріліп, көптеген елді мекендердің тарихи атаулары қайтарылған. Сондай-ақ сол кездері бәрі дерлік орысша оқытатын білім ордаларын қазақшаландыруға көп күш жұмсап, бірталай мектептерге осы өңірде туып-өскен ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің атымен аталатындай жасаған.

Бұған қоса 15 тарихи-зерттеу, соғыс және бүгінгі өмір тақырыбына арналған көркем туындыларды өмірге әкелген.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях