Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін артады  

Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін артады   

Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сонымен қатар докторантураға бөлінетін гранттардың құнын арттыру керектігін баса айтты.

– Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезде стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы көлемі 3 млрд теңге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях