Шетелдік көлік иелері митинг өткізетінін айтты

Шетелдік көлік иелері митинг өткізетінін айтты

Оралда бір топ азаматтың қала әкімдігіне Армения, Ресей және Қырғызстан нөміріндегі көліктердің қозғалысына енгізілген шектеуге қарсы митинг өткізу үшін өтініш қалдырған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік  басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік иелерінің видеоүндеуі Асқар Шайқұмаровтың «Youtube» әлеуметтік желесіндегі  арнасында жарияланды. Аталған бейнежазбада Оралда бір топ азаматтың қала әкімдігіне Армения, Ресей және Қырғызстан нөміріндегі көліктердің қозғалысына енгізілген шектеуге қарсы митинг өткізу үшін өтініш қалдырғаны айтылады.  Видеода ер адамдар 25-26 қаңтарда Мәншүк Мәметова атындағы алаңда бейбіт митинг өткізуге өтініш бергенін хабарлайды. Сонымен қатар, олар осы өңірде шетелдік нөмірдегі көліктер көп екенін айтып, оның иелерін митингіге шығуға шақырады.

Дәл осындай көтеріліс Ақтау қаласында да 19 қаңтарда өтпек. Сондай-ақ,  әлеуметтік желі қолданушылары Ақтөбеде де бір топ жүргізушінің қаладағы сауда орталықтарының бірінде жиналғанын жазып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін ІІМ қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасады. ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеуге шақырған болатын. Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам көлік құралы жеткізілген.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях