Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел университетінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында дәрігерлер тегін кеңес беретін акция өткізілді. Оны аталмыш жоғарғы оқу орны ішінен құрылған «Қызыл Ай» еріктілер клубы мен аудандық орталық аурухана әкімшілігі бірлесе отырып ұйымдастырды.  «Денсаулық күні» деп арнайы белгіленген бұл шараға студентер мен оқытушылар терапевт, неврапатолог, мамолог, қанның қысымын, қанттын және холестеринді тексеретін медициналық қызметкерлері өз қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ, шара қатысушылар облыстық ЖИТС-ке қарсы орталық пен аурулардың алдын алу және психологиялық көмек көрсету бөлімінің білікті мамандарға тексерілу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы акцияның мақсаты студенттерге саламатты өмір салтын ұстану арқылы кез-келген аурудың алдын алатынын ұғындыру еді. Акцияны келушілерге тексеріс қабылдауына айналдырмау үшін универститет белсенділері флешмоб пен ойындарды көпшіліктің назарына ұсынды. Ал, тексерістен өткен әрбір студенттке тәттілер мен түрлі жемістер берілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях