Асқар Мамин: Ауылдағы  дәрігерлерге жағдай жасау керек

 Асқар Мамин: Ауылдағы  дәрігерлерге жағдай жасау керек

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңір басшыларына жас дәрігерлер ауылда қалуы үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы «ҚазАқпарат» сілтеме жасап.

–  Жас мамандардың ауылдарда тұрақты жұмыс істеп, елді мекендерде қалуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарастыруды тапсырамын. Мысалы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жас мамандарға жоғары көтермеақы төленеді. Ал Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылған, – деді Асқар Мамин.

Осы ретте Үкімет басшысы өңір әкімдеріне мұндай бастамаларға көңіл бөлу керектігін ескертті. Сондай-ақ,  Елбасының тапсырмасын тиімді орындау мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын Үкімет деңгейіне көтеріп, бір айдың ішінде Премьер-Министр Кеңсесіне бекіту үшін енгізуді өзінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға осы мәселені жеке бақылауына алуды тапсырды

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях