Полицейлерді аттестаттау 1 қазанда басталады

Полицейлерді аттестаттау 1 қазанда басталады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

2019 жылдың 1 қазанынан бастап елімізде полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау басталады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметінде жария болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды.

Жарлықтың мәтіні төмендегідей:

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях