Сан сауалдар қойылып, өтініштер ескерілді

Сан сауалдар қойылып, өтініштер ескерілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың кезекті есептік кездесуі бүгін Райымбек ауылдық округ тұрғындарымен жалғасты. Аудан басшысының жылдық қорытынды жиынына осы округке қатысты ауыл тұрғындарының басым көпшілігі қатысып, маңызды әлеуметтік мәселелерін көтерді. Бұл ауылдық округте осы уақытқа дейін басты сұрақ – мектеп мәселелесі болып келгендіктен, аудан әкімі ол жайында кеңінен талқылады.

Жандарбек Ермекұлы алдымен әдеттегідей өткен жылдың экономикалық көрсеткішінің біршама өскенін айтып, осы жылда атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті. Оның ішінде жоғарыда айтылған мектепке қатысты сұрақтардың да шешімі сөз етілді. Тұрғындар тарапы білім саласына қатысты мәселемен қатар әлеуметтік сауалдарды да қойып жатты. Айтылған өтініштердің бәрін тыңдап, аудан басшысы әрқайсысына жеке-жеке жауап беріп отырды. Соның ішінде Абай ауылындағы орта мектепке 600 орындық жапсаржай құрылысы жүріп жатқанын, оның аяқталу мерзімі осы жылдың мамыр айы екенін айтты. Ал, су, жарық, транспорт мәселесін аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына жүктеп, жақын арада шешілетіндерін уақытымен тапсыруды жүктеді. Кейбір салғырттықтан жасалынбаған жұмыстарды округ әкімі Елжан Туленбаевқа міндеттеді. Оның ішінде қаңғыбас иттердің көбеюі, мектеп ауласындағы дәретхана мәселесі, молалардың қоршалынбауы, мектепке дейінгі жарықтардың жоқтығы сияқтыларды айтуға болады. Барлық айтылған сын-ескертпелерді ескере отырып, көтерілген мәселелер оңды шешімін табу үшін Жандарбек Ермекұлы өзінің аппарат басшысы Айдын Әуесбайға бір тоқсаннан кейін ауыл тұрғындарымен тағы бір жиын өткізуді тапсырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях