Сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті

Сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті

Алда келе жатқан сайлау науқанына байланысты «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Ол тоғызыншы қантарға дейін сайлауға дайындық және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Осы ретте бүгін аудандық сайлауалды штабының қоғамдық бөлмесінде штаб өкілдері бас қосып, сайлау науқанында міндеттерін  пысықтап, алдағы жоспарларын бекітті. Жиында штаб төрағасы, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов штаб құрамындағыларға әдістемелік нұсқаулықтар мен заңнамалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол ағымдағы жағдай мен штаб жұмысы жайлы айтып, барлық іс-шаралар желілік кесте бойынша белгіленген уақытында және жоспарға сай өткізілу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, Қаныбек Құлжабайұлы елде өткелі отырған саяси науқанның маңыздылығына тоқтала келіп, сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын өткізудің ережелерін қатаң сақтауға шақырып, алдағы атқарылатын жұмыстарға байланысты нақты тапсырмалар берді.

Мұнан бөлек отырыста аудандық партия филиалының сайлауалды штабының орынбасарлары Сағат Мәсімақынов пен Сағындық Жылқабаев сөйлеп, саяси науқанды өткізуге атсалысатын жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, партия мүшешелеріне сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Айтжанов Қ.Қ.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях