Енді әкімдердің жұмысын халық онлайн бағалайды  

Енді әкімдердің жұмысын халық онлайн бағалайды   

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, жергілікті билік органдарының жұмысының тиімділігін халық бағалайтын жүйені пилоттық жоба ретінде енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Күшті аймақтар – күшті мемлекет» деп Қасым-Жомарт Кемелұлының  сайлауалды тұғырнамасында   айтылған болатын.  Өзінің алғашқы Жолдауында осы бағытта келесідей міндеттерге күш салу қажеттілігіне тоқталды.  Алдымен  жергілікті билік органдарының тиімділігін арттыру керектігі міндеттелді.

– Халық әрдайым жергілікті билік органдарына жүгіне алуы керек. Бұл аксиома, бірақ шынайы өмірімізде олай болмай тұр. Мен пилоттық жоба ретінде жергілікті билік органдарының тиімділігін бағалау жүйесін енгізуге болады деп санаймын. Мәселен, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30%-дан астамы қала немесе ауыл әкімінің қызметін тиімсіз деп санаса, бұл Президент әкімшілігінің мәселені зерделеу үшін арнайы ұсыныс жасайтын комиссия құруға негіз болады, – деп  Президент Қазақстанның барша халқын мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырды.

– Мен ел тағдырына жаны ашитын Әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі, – деп Жолдауды түйіндеді Мемлекет басщысы.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях