Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды

Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды

Мемлекет басшысының таңғы серуендегі фотосы жарияланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
«Тамаша күн. Таңғы серуен», деген жазбамен Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшаларында Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңғы серуендегі фотосымен бөлісті.
Жазбада Президенттің Қазақстан әйелдерін құттықтауындағы мәтіннен қысқаша мынадай ізгі тілектер де жазылған:
««Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде. Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін».

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях