Педагог мәртебесі туралы Заң қабылданды

Педагог мәртебесі туралы Заң қабылданды

Кеше Парламент Сенатының жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұстаздардың мәртебесіне қатысты заң жобасы 21 баптан тұрады және ол жарты миллионнан астам мұғалімдердің жұмысы жайлы болмақ. Төрт бағытты қамтитын аталған бастамада педагогтерді қолдау жағы барынша қамтылған: біріншіден, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес  жұмыстардан босату және олардың жүктемесін азайту. Екіншіден, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту. Үшіншіден, материалдық емес ынталандыру тетіктері. Төртіншіден, материалды ынталандыру қадамдары.

– Педагог мәртебесін арттыру оның қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуді қажет етеді. Осы орайда заң жобасына сәйкес, педагогикалық жұмысқа жіберілмейтін себептер де кеңейтілді. Бұдан бөлек, мұғалімдердің этика мәселелеріне де көңіл аударылып отыр. Әр білім мекемесінде әдеп бойынша кеңестер институты енгізіліп, жұмыс істейді, – деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Еліміздің бас мұғалімінің айтуынша, ұстаздар қауымының балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, барлық педагог қызметкерлер алдағы уақытта 56 күндік демалысқа шығады. Ал, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру жағы да қарастырылады. Тағы бір айта кетерлігі, білім беру ұйымдарында қызмет ететін ер азаматтарды әскерге шақыру кейінге қалдыру нормасы алға қойылған.

Министр А.Аймағамбетов жалақы мәселесіне қатысты да ойын жеткізді.

 – Мемлекет басшысының Тамыз конференциясында берген тапсырмасының  аясында төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есе артады. Бұл тұрғыдан алдағы қаңтар айынан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға өседі. Депутаттардың қолдауымен осы бекітілген бюджетте тиісті қаражат қарастырылған. Біз осы жұмысқа қаңтардан бастап кірісуге дайынбыз, – деді министр Асхат Аймағамбетов.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях