Алматы маңында ұшақ апатқа ұшырады. Тірі қалғандар бар.

Алматы маңында ұшақ апатқа ұшырады. Тірі қалғандар бар.

«Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетіп апатқа ұшырады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында ҚазАқпарат толық мәліметтерді жариялауда.

Алматы әуежайының хабарламасына сүйенсек, күні бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы 2100 рейсімен сағат 07:05-те ұшып шыққан. Кейін радардан жоғалып кеткені мәлім болды. Бортта 95 адам және 5 экипаж мүшесі болған.

Аталған ұшақ әуежайдың сыртқы аумағында, яғни, Алматы қаласына жақын Талғар ауданының маңында апатқа ұшыраған. Ресми мәліметтер бойынша тірі қалғандар бар. Ал, қаза болғандардың саны 12 адамға жетті.

Апат орын алған жерде қаланың барлық шұғыл қызметтері жұмыс істеп жатыр. Сол маңайдағы жергілікті жолдардың тарлығынан кейбір жедел жердем көліктері өте алмаса да, құтқару жұмысы қарқынды түрде жалғасуда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях