Надежда Лушникова – Алматы облысының Құрметті азаматы  

Надежда Лушникова – Алматы облысының Құрметті азаматы   

Елімізге танымал, айтыскер ақын Надежда Лушникова Алматы облысының Құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қараша күні ақын 80 жасқа толды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Надежда Андрейқызының шаңырағына келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын тапсырды.

Дәл осындай ілтипатты құттықтау қағазын ​ Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли де облыс басшысы Амандық Баталовтың атынан табыс етті.

Еске салсақ, Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында туған. Қазақ мектебінде білім алған. Тек айтыс өнерінде ғана емес,​ газетте әдеби қызметкер, баспа редакторы, мектепте мұғалім болды. 1985 жылдан бастап Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының директоры қызметін атқарып, зейнетке шықты.​

Бүгінде ол – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях