Оқушылардың демалыс күндері қысқаруы мүмкін

Оқушылардың демалыс күндері қысқаруы мүмкін

Оқушылардың күзгі және көктемгі демалыс мерзімі қысқаруы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, бұдан былай оқушылар күзгі каникулда 7 күн (өткен жылы 10 күн), ал, көктемде 11 күн (өткен жылы 12 күн) демалады, – деп хабарлады Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жариялаған құжатта көрсетілгендей, оқу жылы бұрынғысынша 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы және каникул мерзімдері:

– 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан аралығында), (өткен жылы 10 күн);

– қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),

– көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында); (өткен жылы 12 күн)

– 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях