Биыл Ескелді ауданында көкөніс жинау қарқынды жүруде

Биыл Ескелді ауданында көкөніс жинау қарқынды жүруде

Ескелді жерінің еңбеккерлері, шаруа қожалықтары күзгі дала жұмыстарына, яғни картоп жинау науқанына қызу кірісіп кетті. Биыл бұл көкөністі түрін игеруді аудандық «Бимуратов А.Е.» шаруа қожалығы да қолға алды, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Аталған  шаруа иелігінің қарамағында барлығы 143,6 га егістік жері бар, оның ішінде 47,1 га тәлімдік, 96,5 га суармалы жер. Биылғы жылғы  47,1 га жерге көпжылдық шөп (экспорцет) себілген, 16,5 га жерге картоп, 80 га. жерге қант қызылша дақылы себіліп жинау үстінде.
Жетісу жерінің барлық базары мен дүкен сөресіне қойылатын картоп дәл осы шаруа қожалығынан десек артық емес. Сонымен қатар, Шаруа қожалығы «CHIPS PRODUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтаса отырып картоптың чипсы сортын өсіруді қолға алған. Біздің елде қуырылған қытырлақ картопқа сұраныс артып тұр. Ағзаға қанша жерден зиян десек те, нарықта көш бастап тұрған өнімнің көбеймесе азаюы мүмкін емес.

Аудандағы дала жұмыстары жайлы ақпараттан бөлек, өнімнің сипатына да жайлы тоқталып өтетін болсақ. Биылғы картоптар Бельгиялық өндірістің жаңа жабдықтарына қонады.    Атап айтқанда, «Бимуратов А.Е.» шаруа қожалығында биылдан бастап ЗСНР-25 тұқым сепкіштерін тиегіш,  (жиналмалы) кетпендер тырмасы, «metal Fach – Т229» (айыр шөміш) фронтальды тиегіш, пневматикалық  «pronta 6» (себу кешені) тұқым сепкіші, «ceres – 450» картоп отырғызғыш, «ecoridger» култиваторы,  «сe-force heavy duty frase» кескіш, «spirit – 6200» картоп жинайтын комбайн, «falcon – 1800» қабылдағыш бункері және «arion – 640»  тракторы сынды техникалар іске қосылды.

Бүгінгі күнге ауданда 17700 гектар сүдігер жер жыртылып, оның 1720 гектары терең сүдігерге жыртылды. Желтоқсан айына дейін сүдігер жырту жұмыстары жоспар бойынша толық аяқталады. «Егінші – мәрт, жер – жомарт» демекші, ырыздығын жерден тапқан шаруа қожалығына нәсіпті кәсіп тілейміз. Егін мол болсын, қамба картопқа толсын!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях