Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері, республикалық, облыстық және аудандық қоғамдық штаб мүшелері орталық кітапхана ғимаратында ауданымыздың тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жиын барысында штаб мүшелері «Әділетті мемлекет», «Әділетті экономика» және «Әділетті қоғам» атты үш тақырыптан тұратын кандидаттың тұғырнамасының әр тақырыпшасына тоқталып, орамды ойларын ортаға салды. Тәуелсіздік алғаннан бергі елімізде жасалып жатқан оң өзгерістерді әңгімеледі.

Кездесу соңында кандидаттың сенімді өкілдері Қасым-Жомарт Кемелұлының осыған дейінгі ісі мен келешекте жасалатын жоспардағы жұмысы туралы айтып, жиылған қауымды сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях