ҚР Президентіне «Nur Otan» партиясы кандидатының аудандық сайлауалды штабы құрылды

ҚР Президентіне «Nur Otan» партиясы кандидатының аудандық сайлауалды штабы құрылды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қоғамдық штаб өз жұмысын 11 мамырда ресми түрде бастайды.

Қарасай ауданында Қасым-Жомарт Тоқаевты  қолдау бойынша 4 мамырда аудандық қоғамдық штаб құрылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

23 сәуір күні өткен партияның кезектен тыс ХІХ съезінде «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынғаны белгілі. Съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 623 делегат қатысты. Съезд тарихи оқиғалы ауқымдылығымен, мемлекеттік жоғары деңгейде өтуімен ерекшеленді. Осыған байланысты, «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық  филиалының мәжіліс залында съез шешімімен ҚР президенттігіне ұсынылған кандидатты қолдау бойынша аудандық қоғамдық штабтың құрылғаны туралы жиын болып өтті.

Алдымен, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат сөз алып штабтың мүшелерімен және арнаулы топтың алға қойған міндеттерімен  таныстырды.  Қарасай аудандық сайлауалды штабының жетекшілігіне Ақшолпан Қайратқызы тағайындалды. Оның    құрамында қоғам қайраткерлері, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалдың  саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері,  жеке кәсіпкерлер, Жастар ресурстық орталығының мамандары  және БАҚ өкілдері бар.  Барлығы 19 адам  болды.

Штабтың негізгі міндеті – президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қолдау көрсету, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру бойынша жан-жақты насихат жұмыстарын жүргізу, сенімді өкілдер мен белсенділердің жұмысын үйлестіру.

Аудандық қоғамдық штаб өз тарапынан сайлау науқанын қолданыстағы заңнама аясында жоғары деңгейде өтуіне бар күшін салатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях