Үміткерлер – «Алтын ауыл» ықшам ауданында

Үміткерлер – «Алтын ауыл» ықшам ауданында

Алда келе жатқан маңызды саяси науқанына орай «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған үгіт-насихат жұмыстары бүгін Қаскелеңдегі  «Алтын ауыл» ықшам ауданында жалғасын тапты. Кездесу барысында партиядан Мәжіліс депутаттығына үміткер Әлия Абсеметова мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Start-Up» Академиясының директоры Дамир Дигай аталмыш ықшам ауданның тұрғындарымен және белсенді жастармен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Күн тәртібіне сай өткен кездесуде Мәжіліс пен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар жиынға қатысқан атылмыш ықшам ауданның тұрғындары мен белсенді жастарға алда келе жатқан сайлау науқанының маңыздылығын түсіндіре отырып, партияның сайлауалды бағдарламасының төңірегінде атқарылатын жұмыстар жайлы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, шара барысында Мәжіліс депутаттығына үміткер Әлия Абсеметова мен Дамир Дигай болашағымыздың тірегі – жастардың мәселесін көтерді. Нақтырақ айтқанда, кандидаттар бүгінде жастар үшін жасалып жақтан бағдарламалар мен жеңілдіктерден бөлек өздерінің сайлауалды бағдарламаларына сәйкес, белсенді жастар мен еріктілерге барынша көмек көрсетіп, олардың жұмысы мен білім алу сияқты тағы да бірқатар мәселелерін шешу жолында қандай жұмыстар атқаратындықтарын кеңінен айтып өтті. Мұнан бөлек, басқосуда Мәжіліс пен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Алтын ауыл» ықшам ауданының тұрғындары тарапынан айтылған бірқатар маңызды мәселелермен оны шешу жолындағы ұсыныстарын да тыңдады. Адамдардың шағым-арыздарын естіген кандидаттар бұл көтерілген мәселелердің барлығын да назарға алып, бақылауда ұстайтындарын айтты.

Шара соңында депутаттыққа үміткерлер «Есіктен есікке» атты партия акциясы аясында «Алтын ауыл» ықшам ауданын аралап, тұрғындарды алда келе жатқан саяси науқанға белсене атсалысуға шақырды.

«Nur Otan» париясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленеді. Тапсырыс беруші: Айтжанов Қ.Қ.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях