Әңгіме арқауы – істі болғандарды жұмыспен қамту мәселесі

Әңгіме арқауы – істі болғандарды жұмыспен қамту мәселесі

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында қылмыс жасады деп танылған адамдарға қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы мүлдем қолданылмай, негізінен олар бас бостандығынан айыру жазасына тартылып, босатылғандарды оңалту мәселесі ешкімді толғандырмайтыны, нәтижесінде олардың қайта қылмыс жасап, қылмыскерлердің санын толықтырып отырғаны айтылған болатын. Еліміздегі құқықтық реформалар мен заңдарды ізгілендіру аясында мемлекет басшысы 2017 жылға дейін түрмеде жаза өтеушілерінің саны көп 50 елдің қатарынан шығаруды жүктеді.

Кеше аудандық әкімдіктің кіші залында осы мәселені алға тартқан жиналыс өтті. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Жапаров басқарып, тізімде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі қозғалды. Құқық қорғау, әлеуметтік сала қызметкерлері қатысқан жиында, ең алдымен, істі болған азаматтарды қабылдайтын жұмыс мекемелерін табу міндеті алға қойылды. Бұдан бөлек, ондай азаматтарды жұмысқа қабылдаудан қашатын, үлкен-кіші кәсіпорындардың проблемалары да айтылды. Яғни, кез-келген кәсіпорында ең бірінші жұмысқа қабылданушыдан жазаға тартылмағанын айғақтайтын анықтама сұрайды. Осы себепті де көптеген бизнестік құрылымдар мұндай азаматтарға жұмыс беруден бас тартады. Алайда, аудандық пробация бөлімінің басшысы Нұрбол Мухамеддиевтің айтуынша, олардың ұсынған қоғамдық немесе мәжбүрлі жұмыстарды сотталғандардың көбі дерлік жалақысының аздығынан істемейді екен. Бірақ, құқық қорғау және әлеуметтік сала қызметкерлері істі болғандардың жұмыссыз жүргендігінен қылмысқа қайта бармауын қадағалап, бұл мәселені тез арада шешудің амалын іздеу үстінде. Осыған орай, жиын соңында Мақсұт Рамазанұлының төрағалығымен қатысушылардың барлығы бір ауыздан жақын арада үлкен кәсіпорындардың өкілдерін, сонымен қатар, бұл мәселеге өз әсерін тигізіп, оның нәтижесін алға ілгеріте алатын, яғни, «Атамекен», кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерінің басын қосу жоспарланды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях