Мүгедек жандарға арналған көмек (Видео)

Мүгедек жандарға арналған көмек (Видео)

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазіргі таңда, Қаскелең қаласында зағип жандарға еңсесін тіктеп, болашағына үлкен үміт беретін «Күш-қуат» оңалту орталығы жұмыс істеп келуде. Осы мекеменің басшысы Асылбек Жалдыбаев бүгінде өзі тағдырлас жандарға жәрдем беріп, жігерлендіріп, үлкен бір үлгі боларлық іс жасауда. Жалпы, бұл оңалту мекемесіне 30-ға жуық адам келіп, ем алуда. Олардың көбі дерлік мүгедектерге арналған арбашада қозғалады екен. Бұл азаматтарға үйдің жертөлесінде орналасқан жаттығу залына баспалдақпен түсіп-шығу қиындық туындатып жүрген.

Алайда, Асылбектің осы орталығының көркейуіне қол ұшын беріп, жұмысын құптап, қолдап жүрген азаматтар да бар. Мәселен, солардың бірі Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев. Таяуда ғана, ол осы жерге келіп, ем қабылдап жүрген екі азаматшаға өз атынан мүгедектерге арналған арбаны табыс еткен болатын. Сол кезде жертөледе орналасқан мекемеге ұзын баспалдақпен түсіп, көп күш жұмсап жатқан жандарды көрген Асқар Өкенұлы автоматты көтергішті сыйға тартты.

Бұл азаматтың көмегіне орталықтың басшысы Асылбек өз ризашылығын білдіруде.

Сюжетті дайындаған Бақдаулет Талипов.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях