Мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарнасыз пәтер берілмек

Мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарнасыз пәтер берілмек

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстан ипотекалық компаниясы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрліктерімен  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді жалға беру туралы келісімдерге қол қойыды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аталған келісімдер соң  мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарнасыз пәтер берілмек.  Бұл бағыттағы қызметті қаржыландыруға шамамен 40 млрд теңге «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының меншікті қаражаты  жұмсалатын болады. Осыған сәйкес, бағдарламаны іске асыруда мемлекеттік бюджеттан  қосымша ақша салынбайды.

Қатысушылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді жалдау мерзімі 20 жылға бастапқы жарнасыз беріледі. Тұрғын үйді кез-келген уақытта және айыппұл санкцияларын қолданусыз мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі бар. Бұл ретте бағдарлама бойынша баспананы жалдау  төлемі республика бойынша орташа бағадан төмен болмақ.

–Компаниямыз 2015 жылдан бері сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер салу мен сатып алуды қаржыландырып келеді. Осы кезге дейін біз Қазақстан бойынша 18 мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еттік. Компанияның осынау тәжірибесі осы әлеуметтік маңызы бар жобаны нәтижелі іске асыруға мүмкіндік береді деген сенімдеміз, – деді «ҚИК» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Тұрғын үй алуға үміткерлер тізімін тікелей министрліктер құратын болады. Өз кезегінде «ҚИК» ИҰ» АҚ берілген қызметкерлердің төлем қабілеттілігін тексереді. Бағдарламаны іске асыру арқылы алдағы екі жылда 3 мың қазақстандық отбасын меншікті тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях