БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖӘРДЕМАҚЫ 30%-ға АРТАДЫ

БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖӘРДЕМАҚЫ 30%-ға АРТАДЫ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Елімізде бірінші шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға және бала кезінен І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім көрсетіп отырғандардың жәрдемақысы өседі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Көпке мәлім болғандай, «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 30% өсуі тиіс еді.

Осыған сәйкес, жәрдемақыға қатысты бастаманың жүзеге асуы жайында «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметінде жария болған еді. Олардың ресми хабарламасына сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар күнкөріс көлемінің 1,05 мөлшерінде 31183 теңге жәрдемақы алып отыр. Ал, енді 1 шілдеден бастап оның көлемі 10395 теңгеге өсіп, 41578 теңгені құрайтын болады. Бір айта кетерлігі, еліміз бойынша аталған екі жәрдемақының түрі 95 мыңға астам қазақстандықтарға тағайындалған. (оның 82 мыңға жуығы – мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы – бала кезінен І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім көрсететіндер.

Жылдың ортасынан бастап көлемі өсірілетін жәрдемақының қайта есептелуін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері мен Еңбек комитетінің аймақтық департаменттері автоматты түрде жүзеге асырады. Ал, жәрдемақы алушылар бұл үшін қосымша құжат тапсырмайды.

Тұрғындар үшін жәрдемақыны тағайындау шілденің және келесі әрбір айдың 1-інен 15-іне дейін жұмыс күндері жүргізіледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях