Латын әліпбиі талқыланды

Латын әліпбиі талқыланды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Елбасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосатын бағыт беріп, жол көрсетті. Таяу жылдарға қойылған міндеттердің қатарына қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын қойған. Мақала жарық көрген күннен бастап осы мәселе қоғамда кеңінен талқыланып, латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңызы, өзектілігі жан-жақты айтылып келеді. Осыған сәйкес  қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жобасы бастау алған болатын. Бұл шара негізінде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жұмыс тобы құрылды. Олар 16 қазан мен 9 қараша аралығында облыстың барлық аудандарында түсіндіру, талқылау жұмыстарын жүргізеді. Бүгін ұйымдасқан топ Қарасай ауданына табан тіреді. Алдымен мамандар жаңа әліпбидегі тиімді тұстары мен латын әліпбиінің қоғамдағы насихаттау қолданысын кеңейту міндеттеріне тоқталды. Оның ішінде кірме сөздердің жазылуы ерекше аталып өтілді. Сондай-ақ,  шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова да аталмыш тақырыпқа сай өз пікірін білдірді. Негізгі білім беріп, негіз қалаушы ұстаздар қауымы болғандықтан бұл кездесу мектеп мұғалімдерімен өткізілді. Жиын барысында педогогтар белсенді қатысып, өздерін алаңдатып жүрген түйткілді сұрақтарын осы саланың мамандарына қойып, мардымды жауаптар алды. Шара бірінші Шамалған ауылдық округіне қатысты мектептердің мұғалімдеріне өткізіліп, түстен кейін 1 Май ауылдық округінде жалғасын тапты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях