Коронавирустан жазылған екі адам ертең ауруханадан шығады

Коронавирустан жазылған екі адам ертең ауруханадан шығады

Елімізде коронавирустан жазылған екі адам Алматы ауруханасында. Олар ертең шығатын болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, сырқатынан айыққандар 27 наурызда, яғни, ертең ауруханадан шығарылады.

Өздеріңіз білетіндей, кеше елімізде коронавирус індетінен екі адамның жазылғаны хабарланған болатынбыз.

– Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады, – деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях