Дүниежүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 475 мыңнан асты

Дүниежүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 475 мыңнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 475 мыңнан асып, бір тәулікте 2400-ден астам адам қаза болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметіне сүйенсек, 26 наурыз таңындағы жағдай бойынша, дүниежүзі бойынша COVID-19-ға шалдыққандар саны 475 087-ні құрады. Статистика бір күнде 50 865 адамға артты.

Барлығы қайтыс болғандар – 21 400, бір тәулікте – 2407 адам. Жазылып шыққандар саны 110 658, бір тәулікте – 4852 адам.

Қазақстанда бүгінгі жағдай бойынша, індетті жұқтырғандар саны 97-ге жетті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях