«5-10-20» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдануда

«5-10-20» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдануда

Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Қарасай ауданының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдаудың басталғандығы жөнінде ескертеді.

Қатысу туралы өтініштерді қабылдау және төлем қабілеттілігін бағалау мерзімі: 2020 жылдың 17 тамызынан бастап 16 қыркүйекке дейін.

Өтініштер тұрғын үйге мұқтаж жандар ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтардан ғана қабылданады.

ЖАО кезек күтушілерін Бағдарламаға қатысу үшін кезекке қою кезеңі Қарасай ауданы бойынша: 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда.

Банктің www.hcsbk.kz сайтына электронды өтініш беру қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 213, №3 кабинет, Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласуға болады. Байланыс телефоны – 8 (72771) 2-99-30.

Қарасай ауданы бойынша тұрғын үй кезегіндегі тізімді zgazeta.kz және karasayinfo.kz сайттарынан көре аласыздар.

          

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях